Бішкекте наразылық шаралары жалғасуда

Қырғыз оппозициясының жүздеген қолдаушысы 4 күн бойы Бішкектің ортылығында наразылық танытуда. Олар елде реформалардың жүзеге асырылуын әйтпесе президент Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуін талап етуде. Үкімет ғимаратының жанында жалғасып жатқан наразылық шаралары бейсенбі күні басталған болатын.