Ирақта кемінде 50 бүлікші өлтірілді деп хабарланды

Ирақ Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сенбі күні Бағдадтың оңтүстік-шығыс аймағында орын алған қақтығыста полиция қызметкерлері 50-ден аса бүлікшіні өлтірген. Бірақ бұл хабарды АҚШ әскерилері растай алмай отыр. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Абдул Карим Халаф ол шайқаста АҚШ күштері болмаған деп мәлімдеді.