Иран АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге әзір екенін айтып отыр

Егер Уашингтон сұраса, аймақтық мәселелер, оның ішінде Ирақ бойынша Құрама Штаттармен келіссөздер жүргізуге Техран әзір. Бұл жөнінде Иран Сыртқы істер министрлігі өкілі мәлімдеді. Осы жылдың басында Ираққа байланысты ресми Уашингтон ресми Техранмен тікелей сөйлесулерді сұраған болатын. Бұл ұсынысты басында қабылдағандай болғанымен, кейінірек Техран кері қайтарған еді.