Азаттық радиосының Қырғыз қызметі хабарлағанындай, Бішкекте кемінде 10 мың адам үкімет пен президент әкімшілігінің ғимаратының алдына жиналып, наразылық танытуда. Олар елде конституциялық және тағы басқа реформалардың жүзеге асырылуын әйтпесе президент Құрманбек Бакиевтің қызметінен кетуін талап етуде. Бішкектегі наразылық шаралары бейсенбі күні басталған болатын. Ал басқа да хабарға қарағанда, бүгін президент Бакиев парламентке қазіргі конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс жасады. Сонымен қатар, Бакиев Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Османалі Гуроновты қызметінен босатып, оның орнына уақытынша Омурбек Субаналиевті тағайындады. Бұған не себеп болғандығы әзірше белгісіз.