Әзірбайжан Еуропа Одағының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға атсалысады

БАКУ: Еуропа Комиссиясы қуат көздері бойынша өзара ынтымақтасту туралы Әзірбайжанмен келісімге келді. Бүгін Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиевпен келіссөзінен кейін Еурокомиссияның президенті Жозе Мануэль Баррозу атап көрсеткендей, өзара түсіністік туралы Меморандумның іске асуы Еуропа Одағының нарығына қарай Әзірбайжанның жолын ашады және Еуродақтың энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады. Сонымен қатар Баррозу мырза И.Әлиевпен келіссөзі барысында Әзірбайжандағы демократия мен адам құқының жайын көтергенін хабарлады.