Кениялық Нобель сыйлығының иегері жер бетінің тұрғындарын ағаш отырғызуға шақырады

Уангер Маатсаи ғаламдық жылыну құбылысымен күресу үшін алдағы жылы бір миллиард түп ағаш отырғызу керек дейді. Кения астанасы Наиробиде БҰҰ-ның әлемдік климат өзгерісіне арналған халықаралық конференциясы өтіп жатыр. Оған 100-деген елдің делегаттары қатысуда. 2004 жылы Нобель сыйлығымен марапатталған Маатсаи мұндай қадам барша қауымның табиғат қорғауға деген ықылас ниетін оятар еді дейді.