Анқарада Түркияның бұрынғы бас министрі Бүлент Ежевиттің жерлену жаназасына он мыңдаған адам қатысты
Ежевит жарты жылдай комада жатып, қарашаның 5-інде дүниеден өтті. Бүлент Ежевит 5 рет үкімет басы болған қайраткер. Анқарадағы ең үлкен Қожатепе мешітінде жаназасы шығарылғаннан кейін марқұм мемлекеттік зиратқа жерленді.