Энергетикалық хартияға қол қойылмаса, Польша Мәскеумен келіссөзге қарсы

БРЮССЕЛЬ: Бүгін Брюссельде Еуропа Одағының сыртқы істер және қорғаныс министрлері Ресеймен арадағы қарым-қатынасын, атап айтқанда Еуроодақ пен Мәскеу арасындағы Әріптестік туралы қазіргі келісімді ауыстыруға тиісті жаңа келісім-шарт бойынша келіссөзді бастау мәселесін және 2005-інші жылғы “Әндіжан қантөгісінен” кейін Өзбекстанға қарсы қабылдаған шектеу шарасын жеңілдету мүмкіндігін талқылайды. Ал қорғаныс министрлері Ауғанстан полициясын дайындау үшін Еуропа Одағы не істеу керек деген мәселені сөз етеді.