ВАШИНГТОН: Кеше АҚШ президенті Дж.Буш егер Иран халықаралық қауымдастықтың талап-шартына қарамай, өзінің уран шикізатын байыту бағдарламасын жалғастыра беретін болса, онда Иран “оқшау қалуға тиіс” деп мәлімдеді. Кеше Вашингтонда сөйлеген сөзінде Дж.Буш Иранды “бүкіл әлемге төнген қатер” деп атап, ресми Теһранды ядролық бағдарламасынан бас тартуға шақырды.