Бағдадта кепілдікке алынған адамдар босатылды

Кемінде 70 адам кеше білім зерттеу институтында кепілдікке алынған болатын. Адамдар қауіпсіздік күштері өткізген операцияның арқасында босатылды, бұл жайында Ирақ телекомпаниясы жариялады. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен полицияның бес аға офицері қамауға алынды. Ирақта кеше түрлі қақтығыстарда кемінде 66 адам өлтірілді, 21 адамның мәйіті табылды.