Джон Абизаид Ирақта тұрақтылық орнатуға шамамыз жетеді деді

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы қолбасшысы генерал Джон Абизаид Ирақта тұрақтылық орнатуға АҚШ әскерінің шамасы жетеді, бірақ бұған қол жеткізбесек Иранның агрессиялық сипаты өседі, "Әл Қаиданың" идеологиясы күшейеді деп мәлімдеді. Генерал Джон Абизаид бұл сөзін АҚШ Конгресінің сенатында айтты. Конгресс сайлауында Джордж Буштың Республикалық партиясы басымдылықтан айырылғалы бері, Конгресте АҚШ қолбасшылығының өкілі алғаш рет сөйледі. Генерал Абизаид Ираққа көбірек әскер жіберу мәселені шешпейді деді.