Ресей әскерінде биыл 473 қызметкер қаза тапты

Мәлімет жариялаған Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көп-көрім аз деді. Әскердегі адам шығыны шамамен 46 пайызға азайып тұр делінді. Ресей әскері Чешенстанда соғыс қимылдарын жүргізіп жатқаны аян.