НЬЮ-ЙОРК: Бүгін Нью-Йоркте Ауғанстанды қалпына келтіру мәселелеріне арналған аймақтық конференция өз жұмысын аяқтайды. Осы Формуда сенбі күні ауған президенті Х.Қарзай мәлімдегендей, Ауғанстандағы саяси ахуалдың тұрақсыздығы бүкіл аймақтық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Х.Қарзай халықаралық қоғамның Талибан қозғалысына қарсы күреске деген көмегін ұлғайтуға шақырды. Үнді премьер-министрі Манмохан Сингх: “Ауғанстанға бейбітшілік орнату аймақтың және бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін маңызды” деп мәлімдеп, ауған президентінің сөзін растады.