Т.Блэр: “Британ күштері Ауғанстандағы тәліптерге қарсы соғысын жалғастырады”

ИСЛАМАБАД: Бүгін британ премьер-министрі Тони Блэр “сабырлы мұсылмандардың халықаралық терроризмге қарсы күресіне кең көмек көрсету керек” деп мәлімдеді. Исламабадта Пәкістан президенті П.Мушаррафпен кездесуінен кейін бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Т.Блэр: “демократияның алға аяқ басуы” және экономикалық өркендеу мен Израиль-Палестина жанжалын шешудің діни экстремизмді ауыздықтау үшін маңызды” екенін атап көрсетті. Сонымен қатар Т.Блэр Ауғанстандағы экстремизмнің кең таралуына жол бермеу үшін британ әскерінің тәліптерге қарсы күресін жалғастыра беретінін мәлімдеді.