Ливандағы “Хезболлаһ” қозғалысының басшысы өз қолдаушыларын жаппай шерулер өткізуге дайындалуға шақырды

Шейх Хассан Насраллаһ биліктегі Ливан үкіметін “заңсыз” деп есептейтінін айтып, құрамында Хезболла өкілдері көбірек болған біріккен ұлттық үкімет құру керек деп мәлімдеді. Әйтпеген жағдайда Хассан Насралла Хезболлаһ қозғалысының қолдаушыларын елде ертерек сайлаулар өткізуді талап ететін жаппай шеруге дайындалуға шақырды.