Ұлы Британия Ауғанстанға “қажет болғанша” көмектесе береді

КАБУЛ: Бүгін Кабулда ағылшын премьер-министрі Тони Блэр британ елі “қажеті болғанша” Ауғанстанды қолдау көрсете береді деп мәлімдеді. Ауғанстан президенті Х.Қарзаймен бірге өткізген баспасөз-маслихатында Т.Блэр, сонымен қатар, НАТО-ны Ауғанстандағы міндеттемелерін “бұлжытпай орындауға” шақырды. Х.Қарзаймен кездесуінің алдында ағылшын премьері Гильменд өлкесіндегі соғыс базасында ағылшын жауынгерлерімен кездесті. Т.Блэр Ауғанстанға Пәкістаннан ұшып келді.