ТАШКЕНТ: Бүгін Өзбекстан Тәжікстанды екі елдің шекарасындағы ахуалды ушықтырып отыр деп айыптады. Өзбекстанның шекараны қорғау қызметін сілтеп көрсеткен Uzbek-news агенттігінің хабарлауынша, өзбек жағы тәжік шекарашыларын осы жылы болған 24 төтенше оқиға үшін жауапты деп айыптап отыр. Өткен жұма күні Тәжікстанның шекара сақшылары шекарадан өз жеріне қарай 150 метр басып өткен өзбек жауынгерін оққа ұшырғанын мойындады.