Ливан Өнеркәсіп министрі және белгілі христиан басшысы Пиер Жемайлдың көлігіне, Бейруттың християндар ауданынан өтіп бара жатқан кезінде, сейсенбі күні қарулы топ оқ жаудырған. Пиер Жемайл Фаланж партиясының мүшесі және парламенттегі Сирияға қарсы көпшіліктің қолдаушысы еді. Бұл өлтіру ел ішінде де, халықаралық дәрежеде де қатты айыпталуда.