НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Ливанның өнеркәсіп министрі әрі елдегі христиан қауымдастығының лидері Пьер Жмайэльді қастандықпен өлтірген қылмысты тергеу көмектесу туралы Ливан үкіметінің өтінішін қанағаттандырды. Бұл істі тергеу 2005-інші жылы тағы бір Ливан саясаткері – экс-премьер-министр Рафик Әл-Харириді өлтірген қылмысты тергейтін халықаралық комиссияға жүктелді. Бүгін Бейрутта сейсенбі күні кісі қолынан құрбан болған П.Жмайэльді жерлейді. Жаппай митингі өткізу жоспарланып отыр. Халықаралық қоғам бұл қылмысқа қатты наразылық білдірді.