Бейсенбілік басылымдарда Қазақстанның мұнайлы өлкесі Атырау облысындағы жергілікті халықтың әл-ауқаты туралы мақалалар жарияланыпты. Сондай-ақ, баспасөз беттерінде сәрсенбі күні Астанада Аграрлық партияның кезектен тыс 7-съезінде «Отан» партиясына қосылу жөнінде шешім қабылданғаны туралы сөз болады. Бұған қоса газеттер жеке тұрғын үй салу үшін тұрғындарға тегін 10 сотық жер беру туралы Үкімет қаулысының орындалмай отырғаны жайында мәселе көтеріпті.
«Свобода слова» басылымы Атырау мен Маңғыстау облыстары республикадағы ең қымбат аумақтар болып саналатынын жазады. Апталық дерегінше, мұнда азық-түлікте, тұтыну заттары да, тұрғын үйде қымбат. Ал халықтың басым көпшілігінің жағдайы мұндай қымбат өмірді көтере алмайды. Ал, Атырау облысының Махат, Құрманғазы, Индер, Исатай аудандарында жұмыссыздық 60-70 пайызға дейін жетеді. Жастардың жұмыссыздығы салдарынан қылмыс өршіп барады, - деп жазады газет. Айта кететін бір жайт, басылым бетінде жарық көрген тағы бір мақалада Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 қараша күні Антальяда Түркия президентімен кездесуі барысында Теңіз кен орнында болған төбелес талқыланған болуы мүмкін деген болжам жасайды, - «Свобода слова» апталығы.
Өткен айдың соңында Атыраудың жұмысшылары тағы да бас көтеріпті деп жазады, - «Жас Алаш». «Атыраудан 30 шақырым жерде орналасқан Қарабатандағы мұнай зауытын салып жатқан жұмысшылар 31 қазанда жұмысқа шықпай қойған. Жұмысшылар еңбек және әлеуметтік хұқықтарының бұзылып жатқанын ортаға салады», - деп жазады басылым. «Демалыс деген жоқтың қасы. 7-8 сағаттық жұмыс күні 10-12 сағатқа созылып кетеді. Сондағы қазақстандық мамандарға төленетін қаржы Түркиядан келген аспаздың еңбекақысынан аз, күзетшінің айлығымен пара-пар», - деп жазады «Жас Алаш».
«Казахстанская правда» басылымы құрамында 130 мың мүшесі бар Аграрлық партияның «Отан» партиясымен бірігуінің себептерін жазады. Газет дерегінше, қазір ауылдарда заманауи инфрақұрылым құру қажет және ауылдықтардың тұрмыс деңгейін, қалалықтармен теңестіру керек. Бұл міндеттерге қол жеткізу үшін, ірі мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру қажет. Ал бұл, бір саламен ғана шектеліп қалған партияның қолынан келмейді. Сондықтан, елдегі ең ірі «Отан» партиясының құрамына ену қажеттілігі туындаған, - деп жазады «Казахстанская правда».
Осы мәселеге байланысты «Жас Алаш» газеті сарапшылар пікірін келтіреді. Басылымға сұхбат берген эколог, саясаткер Мэлс Елеусізовтың айтуынша, түрлі партиялардың бір үлкен партияға тоғытылуы жақсылықтың нышаны емес. Ал, саяси ғылымдардың докторы Сайын Борбасовтың пікірінше, биліктің топтасуы күшейді. «Бұрын жасанды түрде бөлініп жатса, қазір саналы түрде бір топқа, күшті саяси блокқа бірікті. Қазақстанның саяси билігі саяси күрес технологиясын өте ыждахатпен үйреніп жатыр»,- дейді Сайын Борбасов «Жас Алаш» басылымына берген сұхбатында.
«Свобода слова» басылымы Алматы мен Астана әкімдері Үкіметтің жеке тұрғын үй салу үшін азаматтарға тегін он сотық жер беруі туралы қаулысын орындаудан бас тартып отырғанын жазады. «Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы Наурызбай Таубаев «болашақта тұрғын үй салуға бөлініп берілуі үшін облыс аумағында 3650 гектар жер сақталып отыр» деді. Сөйте тұра Таубаев, «нормативті құжатты толық түсінбеушіліктің салдарынан, азаматтар Үкімет қаулысын тұрғын үй үшін жерді тегін тарату ретінде түсінген айтады», - деп жазады «Свобода слова».
«Жас Алаш» басылымының дерегінше, «Жер туралы заңда Қазақстанның әрбір азаматына 10 сотық жер тұрғын үй салуға тегін беріледі делінген. Бұл норма ел азаматтарының бәріне бірдей қатысты. Ал осыны қай басшы сақтап отыр?! Олардың көбі гектарлап жерді кесіп алған. Ал қарапайым халыққа келгенде жер жоқ». Сондықтан басылым, тұрғын үй салуға берілген жерлерді ел бойынша қайта түгендеуді ұсынады. «Кезінде көптеп қарпып қалған шенеуніктердің, байлардың нормадан артық жерлерін тауып, үкіметке қайтарып, сол қайтарылған жерлерді жерсіз жүргендерге үлестіру қажет», - деп жазады «Жас Алаш».