БРЕСТ: Бұрынғы совет республикаларының қорғаныс министрлері бүгін Беларуссияның Брест қаласында жиналады. Бұл кездесу - ТМД елдері басшыларының 28-інші қараша күні Минскіде өтетін бас қосуының шеңберінде өтеді. “Ұжымдық қауіпсіздік шарты” ұйымына кіретін Ресей, Қазақстан, Армения, Беларуссия, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің қорғаныс министрлері жеке бас қосады.