ТБИЛИСИ: Бүгін грузиндер “раушан төңкерісінің” 3-жылдығын тойлап жатыр. 2003-інші жылдың қарашасындағы “түрлі-түсті төңкеріс” президент Э.Шеварнадзені биліктен түсіріп, кезектен тыс президент сайлауында сол кездегі оппозицияның лидері М.Саакашвили жеңіске жетті. 3 жылдың ішінде М.Саакашвили Грузияның Батыспен арадағы байланысын нығайтты. Алайда, бақылаушылардың пікірінше, “раушан төңкерісі” көпшілік халықтың үмітін ақтамай, елдегі жемқорлықтың кең етек жаюына жұртшылық наразы болып отыр.