Бұл жөнінде халықаралық Атом энергиялық агенттігі басшысы ЕлБарадейдің айтуынша, Лавизан және Натанз атты уран өндіру орындарындағы жабдықтардың қоршаған ортаға әсерін зерттеуге тексерушілерді жіберуге Иран келісті. Осының алдында ғана БҰҰ-ның Атом энергиясын бақылау кеңесі Иранның реактор бағдарламасын жасауға техникалық жағынан көмек сұраған өтінішіне тосқауыл қойған болатын.