Бүгін Бағдадтың оңтүстігіндегі Таль-Афар аймағында жол-көлік бомбасынан 22 адам мерт болған

Полиция басшысы, генерал Саба Хамиди тағы да 26 адам түрлі жарақат алды деп хабарлады. Таль-Афар Бағдадтың оңтүстік батысында 420 шақырымдай жерде жатыр. Полиция жарылысты жүзеге асырғандар жанкештілер дейді.