Қазақстан полициясының хабарлауынша, өз елінде ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен Тәжікстан ішкі істер қызметі тарапынан бұл азаматқа халықаралық іздеу жарияланған екен. Қазақстандық заң орындары енді оның Қазақстандағы қандай да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтаған соң Тәжікстанға қайтарып береміз деп отыр.
Алматы қаласының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің бөлім бастығы Ернұр Уәли қарашаның 24-күні былай деп хабарлады:
- Алматы қаласының ішкі істер департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері, жедел әрекет ету барысында қаламыздың Жетісу ауданында 31 жастағы Тәжікстан республикасының азаматын қолға түсірді. Ол бұрыннан бері Тәжікстан республикасында бірнеше ауыр қылмыстар жасаған деген күдікпен іздеуде жүрген, сондай-ақ бұл азаматтың үлкен бір қылмыстық топтың құрамында екені және автоматпен қаруланғаны анықталған болатын. Ол азамат қазір бірнеше кісі өлтіргенін өзі мойындап отыр және оның тағы да ондаған адамдардың өліміне қатысы бар екендігі туралы бізде мәліметтер бар. Бұны ішкі істер департаментінің арнайы қызметкерлері зерттеп жатыр. Оның Алматы қаласында жасалған қылмыстарға қатысы барлығы анықталса, сіздерге тағы да қосымша мәліметтер беріледі. Сонымен қатар оның 90-шы жылдары Ауғанстанда содырларды дайындау лагерлерінде дайындықтан өткені бізге белгілі болып отыр. Яғни, бұл жан-жақты дайындалған азамат.
Сондай-ақ қазақстандық мамандар ұсталған Тәжікстан азаматын арнаулы тексерістен соң еліне қайтармақшы.
- Оны Тәжікстанға қайтару мәселесі бойынша біз қосымша ақпарат береміз. Бірақ оған дейін бұл кісінің Қазақстан республикасында жүрген кезінде қандай да қылмыстарға қатысы болды ма, жоқ па, соны тексеріп алуымыз керек. Яғни, оның Қазақстанда қанша күн болғандығы туралы мәлімет бере алмаймыз, бұл тергеу амалдарына қатысты, - деді Ернұр Уәли.
Күдіктінің аты-жөні, қай кезден бастап іздеуде болғандығы, Қазақстанға қашан келгендігі, оның қалай ұсталғандығы жөнінде әзірге қазақстандық полиция ашып айтпай отыр. Дегенмен, Алматы ішкі істер департаментінің өкілі Ернұр Уәли «Азаттық» тілшісіне төмендегідей қосымша дерек айтты:
- Тәжікстан жағы бұл азаматқа іздеу жариялағалы көп болған жоқ, біз ол жайлы ақпаратты осы жылдың аяғына таман алдық та дереу таптық. Оған халықаралық іздеу жариялағанымен ол интерполға берілмеген, өзіміздің ТМД арасындағы іздеу. Ол жайлы бұрыннан ТМД арасында келісім бар. Ал оның Алматыда жүргеніне шамасы екі айдай уақыт болған. Еш жерде жұмыс істемеген, бос жүрген адам. Бұл жайт тағы да қосымша тексерілуде, - деді Уәли мырза.