Бүгін Алматыда басқару рөлі оң жақта орналасқан автокөлік иелерінің наразылық акциялары өтті

Осыдан екі аптадай уақыт бұрын президент Назарбаев жаңа жылдан бастап рөлі оң жақтағы автокөліктерді Қазақстанға әкелуге, ал тағы 3 жылдан соң оларды пайдалануға мүлдем тиым салу керек деген мәлімдемесі ел арасында наразылық туғызды. Тілшіміздің хабарлауынша, бүгін Алматыда биліктің әлгіндей ұстанымымен келіспейтін жұртты полиция қаланың орталық алаңына жібермей, жиын өткізуге талпынғандарды күштеп таратқан.