Ол үшін үміткер ел аталған әскери одақтың талаптарына сай болуы керек. Ригадағы саммит соңында қабылданған осы қарарға орай одаққа мүше елдер басшылары үміткер Албания, Хорватия, Македония елдерін реформада қол жеткізген табыстарымен құттықтады. НАТО бүгін сондай-ақ Сербия, Черногорье, Босния-Герцоговина елдерін Бейбітшілік үшін әріптестік бағдарламасына қосылуға шақырды. Бұл үш ел Балқандағы тұрақтылыққа маңызды үлес қосатын болады, деді НАТО. Ол сондай-ақ Сербия, Босния елдерін соғыс қылмыскерлеріне байланысты істе БҰҰ жанындағы Гаага трибуналымен толық әріптестік орнатуға шақырды.