Қазақстанның оңтүстік астанасы атанған Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығына айналдыру жөніндегі ұсыныс осыдан екі жыл бұрын алғаш Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың ауызынан шыққан болатын. Содан бері Алматы тұрғындарының көңілінде қаламыз аймақтық орталыққа айналса жағдайымыз қалай өзгереді деген бір сұрақтың жүргені шындық. Қарашаның 30-ы күні Алматыда бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығына айналдыру із қызметін реттейтін арнайы агентіктің басшылары қаржы орталығын құру жөнінде жұмыстың қәзір қызу жүріліп жатқандығын айтты.
Осы агентікке бүгінде мемлекеттік қызметтерде болған қаржы мамандарын тарту ісі басталып кетіпті. Қәзіргі жағдаймен аймақтық қаржы орталығында 40 адам жұмыс істейді, ал агенттік жанынан халықаралық кеңес құрылып, оған қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылды дейді осы аймақтық қаржы орталығының іс қызметін реттеу жөніндегі агентіктің төрағасы Әркен Арыстанов.
Оның айтуынша, осы уақыт ішінде халықаралық кеңестің екі реткі отырысы өткен. Біріншісі биылғы қыркүйектің 14-і күні Астанада өтсе ал екіншісі қарашаның 20-сы күні Лондон қаласында өткен. Осы Лондонда өткен кеңесте Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығына айналдырудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы таныстырылып осы жөнінде талқылау жүрілді дейді ол.
Ал қарашаның 21-і күні Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары барысында Лондон қор биржасымен агентік арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды дейді Ә.Арыстанов.
Алайда бірқатар қазақстандық сарапшылар Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығына айналуы мәселесінде өздерінің күмәнді ойда екендіктерін білдіреді. Мысалы, халықаралық экономика саласының маманы, қоғам қайраткері Болатқан Тайжан Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығына айналуға дайын емес деген пікірде. Өйткені қаланың инфрақұрылымы, жолының жақсы болмауы және қалада тұрғын үйдің бағасының шектен тыс қымбат болуы шетелдіктердің Алматығы келуін тежейді және қалада даяшылық мәдениетінің төмен болуы бұл дағы кері әсерін тигізеді деген пікір айтады.
Ал Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Аманкелді Айталы болса Алматы қаласын аймақтық қаржы орталығына айналдырудың құқықтық негіздерін реттейтін заңдардың әлі дайын болмауы сондай ақ шетел капиталын Алматыға қарай қызықтырып тарту механизмінің дайын еместігі бұл жұмысқа кері әсерін тигізуі мүмкін дейді. Бүгінгі күні аймақтық қаржы орталығына 6 компания тіркеліпті.