Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар оң рулді көліктерге Қазақстанда тиым салу туралы Президенттің 13 қараша күні Қауіпсіздік Кеңесінде жасаған ұсынысына жұртшылық наразылық танытып отырғандығы туралы жазыпты. Сонымен бірге, баспасөз беттерінде баспана мәселесі де кеңінен сөз болады.
«Айқын» басылымы рулі оң жақта орналасқан көлікті пайдалануға тиым салу Конституцияға қайшы ма деген сауалға жауап іздейді. Бұл сұраққа адвокат Данияр Қанафин былай деп жауап береді: «Ата Заңның 26 бабына сәйкес, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Ал оң жақ рульге қатысты сот шешімі болған жоқ. Осыған қарағанда, оң жақ рульді көліктерді пайдалануға тиым салу - Конституцияға қайшы», дейді Данияр Қанафин «Айқынға» берген сұхбатында.
«Время» басылымының дерегінше, Өскеменде оң жақ рульді көлік жүргізушілерімен Мәжіліс депутаты Виктор Егоров кездесу өткізген. Жиынға қатысушылар мұндай көліктерді пайдалануға тиым салу, Қазақстан Ата Заңына қайшы келмей ме деген сауалмен премьер-министрдің атына хат жолдапты. Ал рулі оң жақтағы көліктер мәселесі туралы пікіріңіз қандай деген «Время» апталығының сұрағына депутат Виктор Егоров: «Президент айтты ма – онда солай болады!» деп жауап берген.
«Свобода слова» апталығы президент Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесіндегі оң жақ рульді көліктерге қатысты мәлімдемесі, қоғамда дүрбелең тудырып, бұл мәлімдемеге наразы болған мыңдаған адам көшеге шықты, деп жазады. Айта кететін бір жайт, президенттің бұл ұсынысына қарсылық білдірген көпшілік Алматы мен Қарағанды қалаларында 25-ші және 26-қараша күндері, рұқсат етілмеген жиын өткізгендігі туралы «Азаттық» радиосы да хабарлаған болатын. Ал, «кейбір сарапшылар мен саясатшылардың пікірінше, Президенттің бұл мәлімдемесі қауіпсіздіктің қамы емес. Назарбаевтың бұл ұсынысының аржағында кімнің мүддесі жатқаны, көктемге қарай белгілі болады», деп жазады «Свобода слова» басылымы.
Ал, «Известия Казахстан» газетінің дерегінше, шетелдік ұсталған көліктерді тасымалдау қарқыны осылай жалғаса беретін болса, Қазақстан таяу бес жылдың ішінде көлік қоқысына айналуы мүмкін. Отандық нарықта, ұсталған жеңіл көліктер қазір өте көп. Соңғы төрт жылда Қазақстанға 800 мың ескі шетелдік көлік әкелінген. Көпшілігінің жасалғанына 7 жылдан асып кеткен. Мамандардың айтуынша, дәл осындай көліктер, қоршаған орта мен жолдағы қауіпсіздікке қатер төндіреді. Автосалондар мен көлік базарларындағы сатуға қойылған көліктердің сапасы үнемі жоғары деңгейде бола бермейді,-деп жазады «Известия Казахстан» басылымы.
«Свобода слова» апталығы, сот шешімімен баспаналары заңсыз салынған деп танылып, 2006 жылы 7-шілде күні қиратылған «Бақай» ықшамауданы тұрғындарының бүгінгі жай-күйі туралы жазады. Басылым дерегінше, баспаналары қиратылған отбасылардың көпшілігі балаларымен, қыс болғанына қарамастан, сондағы лашықтарда күнелтуде. Газетке сұхбат берген тұрғындар, парламент депутаттарынан құрылған комиссиядан да еш нәтиже болмағанын айтады. Ал «Свобода слова» апталығы, оқырмандарды барар жері жоқ, баспанасыз бақайлықтарға көмек көрсетуге шақырады.
«Түркістан» басылымы, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы сәтсіздікке ұшырағанын жазады. Өйткені, осы бағдарлама аясында несиеге баспана сатып алуға тілек білдіргендердің көпшілігін екінші деңгейлі банктер пәтердің құнын төлеу мүмкіндігі жоқ деп тапқан. Ал құрылыс компаниялары шаршы метрі 350 долларлық баспана салудан бас тартып отыр. Себебі, құрылыс материалдары өте қымбат болғандықтан, арзан үй салу компанияларды шығынға батырады. Баспана құны болса, күннен күнге өсіп барады дей келе «Түркістан» басылымы, пәтер сатып алу қиялға айналды, деп қорытындылайды бұл мақаланы.