Бағдадта 24 сағаттың ішінде 50-ден астам адамның мәйіті табылды

БАҒДАД: Бүгін Халықаралық Қызыл Крест комитеті Ирақта бейбіт халыққа қарсы қанды шабуылдардың әлі жалғасып жатқанына “қатты шошынғанын” хабарлады. Халықаралық Комитет Ирақтағы қантөгісті тоқтату мақсатында Ирақ үкіметімен, АҚШ және британ әскерлерімен және басқа елдердің күштерімен тығыз байланысты ұстады. Ал осы кезде өткен 24 сағаттың ішінде бір Бағдадтың әр түкпірінен жәбірлеумен өлтірілген кем дегенде 50 адамның мәйіті табылды.