Радиоактивті улы заттың қалдықтары 12 жерден аңғарылды

ЛОНДОН: Бүгін Ұлыбритания парламентінде сөйлеген сөзінде британ ішкі істер министрі Джон Рид бұрынғы Ресей тыңшысы А.Литвиненконың уланып өлуіне байланысты тергеушілердің радиоактивті улы заттың қалдықтарын 12 жерден аңғарғанын хабарлады. Өте сирек кездесетін полоний-210 радиоактивті элементімен уланған А.Литвиненко өткен аптада Лондонда қайтыс болды. Сондай-ақ, Дж.Рид әлгі улы заттың тағы 24 жерден іздестірілгенін мәлімдеді.