Еуропа одағы Қазақстан президентінің Брюссель сапары алдында елдегі адам құқықтары мәселесін реттеуге шақырады

Еуропа комиссиясы Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастығы ұйымына төрағалығын қолдай отырып, Қазақстанды осы ұйымның адам құқықтары жөніндегі талаптарын орындауға үндеп отыр. Комиссия өкілі Эмма Удвин бұл орайда:

– ЕуроОдақ комиссионері Ферреро Валднердің өткенде айтқанындай, ол Қазақстанның Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына төрағалығы жағында. Дегенмен, ол президенттіктен үміткер ел ОБСЕ талаптарына жауап беруге міндетті, алдымен өз еліндегі реформаларды іске асыруы қажет, - дейді.

Президент Назарбаев желтоқсанның 4-інде Брюсселдегі Еуропа одағы және НАТО штабтарында болмақ.