Марқұм Александр Литвиненконың зайыбы және италияндық профессордан полоний изотопы табылды

Лондондағы дәрігерлердің айтуынша, Александр Литвиненкомен кездескен италияндық профессор, қауіпсіздік сарапшысы Скарамелладан полоний 210 элементі табылған. Бұл адам Литвиненко ауырмастан бұрын онымен Лондондағы суши барда бірге болған екен. Ал Литвиненконың зайыбы Маринадан да біршама мөлшерде полоний анықталған. Бірақ оның кісі өміріне қауіпі жоқ депті. Полониймен уланған бұрынғы КГБ офицері Литвиненко өткен аптада Лондон ауруханасында қайтыс болған еді.