Хезболланы қолдаушы қауым екі күнен бері Ливан үкіметінің қызметтен кетуін талап етіп жатыр

Бейрутта шеруге шыққан ондаған мың хезболлашылар Батыс қолдауындағы Ливан үкіметінің қызметтен кетуін талап етеді. Олар желтоқсанның 1-інен бері үкімет үйі алдында шатырлар тігіп алып шерулерін жалғастырмақ. Ал Бейрутқа келген Британия сыртқы істер министрі Маргарита Беккет:

– Менің мұнда келуімдегі мақсат – қазіргі жағдаймен тікелей танысып, Ливан үкіметіне қолдау көрсету. Бұл үкіметті ата заң негізінде халықтың өзі сайлаған емес пе? – дейді.