Ресей газының бағасын көтеремін деп Әзірбайжанмен де араздасқан сияқты

БАКУ: Әзірбайжаннан Баку-Новороссийск мұнай құбырымен Ресейге мұнай тасымалдау тоқтатылуы мүмкін. Әзірбайжан президенті И.Әлиев осылай деп мәлімдеді. Кеше мәлім болғандай, жұма күні болып өткен мәжілісте И.Әлиев мамандарға Баку-Новороссийск мұнай құбырын жабу мүмкіндігін қарастырып көруді ұсынды. Мұндай шара Мәскеудің Ресейден тасымалданатын газдың бағасын 2 есе көтеру ниетіне Әзірбайжанның есе қайтару амалы ретінде қарастырылып отыр. Егер газдың бағасы 2 есе өсетін болса, онда Әзірбайжан 1 мың т.м. Ресей газына 230 доллар төлеуге мәжбүр болады.