НАТО әскері жалдап алған тікұшағының атып құлатылғанын жоққа да шығармады

КАБУЛ: Ауғанстанда жанкешті-лаңкес НАТО-ның әскери көлігі жанында өзін-өзі жарып, кем дегенде 2 жергілікті тұрғын қаза болды және 3 британ жауынгері жараланды. Оның ізінше НАТО жауынгерлері жаудырған оқтан тағы 5 бейбіт тұрғын мерт болды. Сондай-ақ кеше тәліптер Ауғанстанның оңтүстігінде НАТО әскері жалдап алған азаматтық тікұшақты атып құлатқандарын мәлімдеді. НАТО басшылығы бұл хабарды әзірше не растаған жоқ, не жоққа шығармады. Тікұшақта қанша адамның болғаны да беймәлім.