А.Литвиненконың өлімін Мәскеу де, Лондон да “тым саясаттандырмауға тиіс”

БРЮССЕЛЬ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров бұрынғы орыс тыңшысы А.Литвиненконың уланып қаза болуы Мәскеу мен Лондонның қарым-қатынасына кесірін тигізеді деп мәлімдеді. Брюссельге сапары барысында С.Лавров “тергеу шарасын асығыс” жүргізуге болмайды” деп атап көрсетті. Ол екі жақ та Литвиненконың қазасын тым “саясаттандырмауға тиіс” деп мәлімдеді. А.Литвиненко – сирек кездесетін полоний-210 улы затымен уланып, өткен айда көз жұмды. Қаза болары алдында жазып қалдырған хатында ол өзінің өлімі үшін Ресей президенті В.Путинді кінәлаған болатын. Кремль оны жоққа шығарды.