Сейсенбі күні жарық көрген басылымдарда, Қазақстан президентінің Бельгияға сапары және Қазақстанның 2009 жылы Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәселесі сөз болады. Бұған қоса, баспасөз беттерінде Қазақстандағы донорлар мәселесі көтеріліпті.
«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, Еуропа Одағының Орталық Азия мен Қазақстанға деген қызығушылығы артып келеді. Ал экономикалық салада Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы ірі әріптесі. Өткен жылы Одақ елдері мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларды құрады. Ал ЕуроОдақ елдерінің Қазақстандағы жобаларға салған инвестициясы, Қазақстанға келген шетелдік инвестициялардың жартысына тең, - деп жазады «Казахстанская правда».
«Егемен Қазақстан» газетінің дерегінше, Қазақстан президентінің Бельгияға сапары, Еуропалық Одақтың атқарушы органы, Еуропалық комиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозумен кездесуден басталды. Кездесуде Еуропа Одағы Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қолдау көрсететіні сөз болды. Президент сонымен бірге, НАТО-ның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффермен кездесті. «Елбасы мен НАТО бас хатшысының кездесуі барысында Қазақстан мен Солтүстік Атлантика альянсының арасындағы қарым-қатынастар жан-жақты талқыланып, оларды кеңейтудің мүмкіндіктері қарастырылды», - деп жазады «Егемен Қазақстан».
«Литер» Брюсселде ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлері Кеңесінің 14-ші отырысында күн тәртібіндегі мәселелермен қатар, Қазақстанның осы ұйымға 2009 жылы төрағалық ету жайы да талқыланды деп жазады. Газеттің болжамынша, осы жолы Қазақстанның кандидатурасы қолдау табуы тиіс. Ал аталған жиынның ашылу салтанатында ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президенті Геран Леннмаркер, Ассамблея Қазақстанның 2009 жылы ұйымға төрағалық етуін қолдап отырғанын мәлімдеді, - деп жазады «Литер».
Ал «Жас Алаш» газеті, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық ету Қазақстанға не береді деген мәселе көтеріпті. Газетке сұхбат берген, Тәуекелді бағалау тобының жетекшісі, саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Қазақстан осы қадам арқылы үшінші деңгейдегі дамушы мемлекет қана емес, халықаралық өркениетті қауымдастықтың мүшесі екенін паш еткісі келеді. Бірақ, төрағалық ету секілді жауапты іске Қазақстан билігі қазір дайын емес. Сондай-ақ, осы ұйымға мүше елдердің барлығы Қазақстанның кандидатурасын қолдап дауыс беруі тиіс. Әзірге дауыс берушілердің басым бөлігі позициясын нақты айтпай отыр, - дейді Досым Сәтпаев «Жас Алаш» басылымына берген сұхбатында.
Айта кететін бір жайт, «Қазақстан тудей» ақпарат агенттігінің сейсенбі күні таратқан мәліметінде, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қарау, Ұйым сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007-жылы Мадридте өтетін 15-ші отырысына дейін кейінге қалдырылғаны хабарланып отыр.
«Комсомольская правда Қазақстан» басылымы, Алматыдағы Республикалық қан орталығы мен қалалық қан орталығын прокурорлық тексеру барысында көптеген заңбұзушылықтар анықталғанын хабарлайды. Республикалық қан орталығында мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген құралдар қолданылған. Сондай-ақ, мұнда қан тапсырған жандардың төлқұжатындағы мәліметтерді жазып алмау секілді заңбұзушылықтар кездескен. Ал қалалық қан орталығына қан өткізген үш донордың маскүнем екені анықталды, - деп жазады «Комсомольская правда Казахстан».
Ал, «Известия Казахстан» басылымы, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ-инфекциясының індеті тарағаннан кейін, Астанада донорлар саны күрт қысқарғанын жазыпты. Астана қалалық денсаулық сақтау департаментінің директоры Темірлан Қарыбековтың айтуынша, қалалықтардың донор болудан бас тартуының басты себебі - төленетін өтемақы тым аз. Мемлекеттің қойған бағасы 257 теңге. Сондықтан, Қарыбековтың пікірінше, қан өткізгені үшін төленетін өтемақыны аз дегенде 500 теңгеге дейін көтеру қажет. Бірақ, бұлай болған жағдайда, қан өткізуге тұрмысы нашар жандар көптеп келуі мүмкін, - деп жазады «Известия Казахстан».