Түркіменстанның бұрынғы бас министрі Хан Ахмедов қудалауда қайтыс болды

Түркіменстанның бұрынғы бас министрі Хан Ахмедов 70 жасында өз елінде Сердар қаласында қайтыс болды. Ол мұнда 2002 жылы жер аударылған. Хан Ахмедов Түркіменстан тәуелсіздік алғанда тұңғыш бас министр болған, 1992 жылдың ортасында осы қызметінен кеткен. Хан Ахмедовтің туыстары ол жүрек талмасынан кетті, оған Ашхабадта ем алуға рұқсат берілмеді дейді.