Түркия Кипрмен көлік қатынасын бастауы мүмкін

Түркия Кипрмен көлік қатынасын бастау мақсатында бір порт пен бір әуежайын ашуға ұсыныс жасады деп айтылып жатыр. Шара Еуропа Одағының талабына сай жасалып жатыр, Түркияның Еуропа Одағына өту мәселесін шешу амалы үшін жасалып жатыр делінеді. Еуропа Комиссиясы бұл рас болса Түркияның Еуропа Одағының алдындағы міндеттемелерін орындауға бағытталған дұрыс қадамы болады деді. Түркия сыртқы істер министрлігі ұсыныс жайында мәлімет бермей отыр. Еуропа Одағы Түркия Кипрге теңіз порттарын ашпаса одаққа өту келіссөздерінің кейбір тұстарын тоқтатамыз деген.