Палестина премьер министрі Иранға келді

Бүгін Палестина үкіметінің басшысы Исмаил Хания Иран ресмилерімен келіссөз өткізу үшін Техранға келді. Ол президент Махмуд Ахмединежадпен және Иранның Рухани жетекшісі Аятолла әл Хаменеймен кездеседі. Иран Хания үкіметіне 120 млн доллар көмек берген. Құрама Штаттар мен Еуропа наурыз айында Палестина билігіне Хамас радикалды ұйымы келген соң, көмегін тоқтатқан болатын.