Желтоқсанның 10-күні Алматының шеткері жағындағы Сарыарқа кинотеатрының артындағы жұрт көзінен таса жерде, оң жақтан басқарылатын автокөлік иелерінің ұйымдастыруымен наразылық митингі өтті. Жиында сөйлегендер ел үкіметіне сенімсіздік білдіріп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.
Жексенбі күні таңертеңгі сағат 11-де басталған жиында елде оң жақтан басқарылатын автокөліктерге қатысты биліктің ұстанымына наразылық білдіргендер, өз пікірлеріне әзірге құлақ аспай отырған үкіметке сенімсіздік танытты. Осы жиынды ұйымдастырған «Оңшылдар одағы» атты қозғалыс жетекшілерінің бірі Анатолий Ахметов өз пікірлестерінің қазірнгі үкімет отставкаға кетсін деген талабын мәлімдеді:
- Халықтың сенімін жоғалтқан үкімет отставкаға кетуі керек! Үкімет отставкаға кетсін! Отставкаға кетуін талап етеміз!!
Назарылық жиынына қатысқан оппозициялық партия өкілдері болса елдегі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға үкіметтен де жоғары тұрған жалғыз тұлға жауапты деген пікірді алға тартты.
- Біз осындай мемлекеттік жүйені өзіміз құрдық, бізді билеп-төстеп отырған адамға ештеңе айта алмай, үн-түнсіз отырған да өзіміз. Егер біз бірігіп, өз позициямызды таныта білмесек, қоғамның бақылауынсыз қалған билікті бір адам осылайша 20 жыл басқарып отыра береді, бұндай сорақылықтар тағы да жалғаса береді, - деді Қазақстанда әлі тіркелмеген «Алға» саяси партиясының өкілі Әлихан Рамазанов.
Митинг барысында сөз болған мәселелер автокөлік тақырыбынан шығып, Қазақстан қоғамында жұрт назарындағы өзге де жайттарды қозғады. Соңғы бір жылдың ішінде Қазақстанда қаза тапқан оппозиция өкілдері Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерінің өлімдері, ВИЧ дертіне шалдыққан балалар тағдыры, шетелдік инвесторлар кәсіпорындарындағы қазақстандық жұмысшылардың еңбек жағдайы мен әлеуметтік теңсіздік, тіпті, ұлттық валюта - теңгенің жаңа дизайны да тілге тиек болып, сынға алынды.
- Ұлттық ақшаның бедеріндегі арам қолдың таңбасы – осы сумақай қолдың халықтың несібесіне түскенін білдіріп тұрғандай!
Әйткенмен, митингке келгендердің арасында президент пен үкіметтің атына айтылған сындардың бәріне бірдей қосылмайтынын білдіргендер де тұрды. Олар өздерін саяси оппозициядан аулақ ұстауға тырысты. Солардың бірі - Лариса есімді әйел оппозицияның пікірімен өзінің келіспейтінін айтты «Азаттық» тілшісіне:
- Мен бұл айтқандармен келіспеймін. Меніңше, жол полициясының басшылығы үкімет пен президентке шынайы жағдайды жеткізбей, адастырып отыр. Мен президентке де, үкіметке де сенемін.
Жексенбі күні өткен митингті ұйымдастырған «Оңшылдар одағы» жиын соңында қабылдаған қарарда, үкіметке елде оң жақ рөлді автокөліктерді пайдалануды және оларды әкелуді шектемеу, қазіргі үкіметті оставкаға жіберу туралы талаптар айтылған. Сондай-ақ, бұл қозғалыс келесі жиынды алдағы жылғы ақпан айының 11-күні Алматының орталық алаңында өткізетіндерін мәлімдеп отыр.
Қараша айының 13-күні Астанада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы жаңа жылдан бастап ел аумағына оң жақтан басқарылатын автокөліктерді әкелуге, ал енді үш жылдан соң ондай автокөлікті Қазақстанда пайдалануға мүлдем тиым салу керектігі туралы үкіметке тапсырма берген болатын. Бұл мәлімдеме елдегі осындай көлік иелері мен шетелден Қазақстанға көліктің мұндай түрін әкеп сатуды кәсіп еткендер арасында абыржушылық туғызды. Соңғы бір айға жуық уақыттың ішінде осы мәселе бойынша Қазақстанның үлкен қалаларында жұртшылықтың қатысумен наразылық жиындары өтті.
Ресми деректерге сәйкес, қазіргі таңда Қазақстан бойынша басқару рөлі оң жақта орналасқан автокөлік саны 117 мыңнан асады.