Беларусь полициясы Минскіде наразылық шарасына қатысқан шамамен 20 оппозиция қолдаушысын тұтқындады. Бұл наразылық акциясы түрмеде отырған оппозиция лидері Александр Казулинге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылған болатын. Батыс елдері Беларусь билігін “адам хұқтарын бұзуда” деп айыптап келетіні белгілі.