Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Ирақ соғысына қатысты кеңесулер өткізеді

Буш АҚШ-тың Ирақтағы әскери басшыларымен теле-конференция өткізеді деп жоспарланған. Ал Вашингтонда ол Ирақ вице-президенті Тареһ әл-Хашемимен кездеседі. Дүйсенбі күні АҚШ президенті өзінің ұлттық қауіпсіздік кеңесшілерімен Ирақта жеңіске жету үшін жаңа стратегия жөніндегі мәселені талқылаған болатын.