Ауғанстанда шайқас барысында 13-жасар қыз мерт болды

АҚШ бастаған коалиция және Ауғанстан әскері бүгін Хост провинциясында операция өткізді, талибаншылар деп күдіктелетін төрт азамат өлтірілді. Шайқас барысында 13-жасар қыз мерт болды, деп жариялады коалиция. Нысанаға талибаншылар бекінді деп күдіктелген үй алынды. Коалиция мәлімдемесінде талибаншылар бейбіт адамдардың үйлеріне тығылып, бейбіт адамдарды қалған қылуды әдетке айналдырды деп айтылады.