Желтоқсанның 13-і күні Алматыда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдығы мен ‘Желтоқсан‘ көтерілісінің 20 жылдығына арналған ‘Қазақстандағы демократиялық қозғалыс; оның басталуы мен дамуы және болашағы‘ атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады.
Онда 1980 ші жылдардың аяғы мен 1990-шы жылдардың басында Қазақстанда басталған қоғамдық саяси процесстер оған ‘Желтоқсан‘ көтерлісінің тигізген әсері жөнінде сарапшылар мен түрлі саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың өкілдері өз ой пікірлерін кеңінен ортаға салды.
Осы халықаралық жиынды ұйымдастырушы ‘Алға‘ халықтық партиясының саяси кеңесінің төрағасы Асылбек Қожахметов Қазақстан тәуелсіздігі мен ‘Желтоқсан‘ көтерілісі арасындағы байланыстың терең екендігіне тоқтала келе, осы тәуелсіздікті ерте түсінген қазақ жастарының сол кездегі коммунистік озбыр биліктен қорықпай өз талаптарын алға қоюы бұл еркіндікке деген олардың алғашқы ұмтылысы болоды деп сипаттады. Ал ‘Желтоқсан‘ көтерілісін оқиға ретінде сипаттау, онда маскүнем, нашақор қазақ жастары тәртіпсіздік бұзып көшеге шыққан деген ұғым бұл қоғамда осы оқиғаны басқаша түрде көрсетуге тырысқан өте қате ұғым деді ол.
‘Ұрпақ тағдыры-Білім‘ қоғамдық қозғалысының төрағасы Ерсайын Ерғожаның айтуынша, Қазақстандағы демократиялық күштердің басы осы тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жылдың ішінде бірікпей келді. Оның әлі бірікпей жатуын бүгінгі жиыннан да көруге болады, өйткені Қазақстандағы демократиялық қозғалыс тағдырына қатысы бар осындай маңызды жиынға ‘Әділетті Қазақстан‘ үшін қоғамдық қозғалысының басшылары мен ‘Нағыз Ақ Жол‘ демократиялық партиясы басшыларының қатыспауын және ұлт үшін деп жалау көтеріп жүрген қайсыбір қозғалыс өкілдерінің келмеуін бұл түсінуі өте қиын мәселе деді ол.
Ал Қазақстан халықтық париясының саяси кеңенсінің мүшесі Болат Атабай Қазақстан әлі күнге дейін нақты шынайы тәуелсіздікке қол жеткізе алған жоқ деген пікір білдірді. Оның айтуынша Қазақстан әлі күнге дейін мұнайға, басқа қазба байлыққа тәуелді сондай ақ Ресейге, АҚШ-қа және Қытайға тәуелді ел болып отыр. Осы 15 жылдың ішінде шынайы нақты тәуелсіздікке қол жеткізе алғамыз жоқ дейді ол.
Ал ‘Атамекен‘ саяси партиясының төрағасы Ержан Досмұқамедовтың айтуынша, Қазақстан осы 15 жылдың ішінде көптеген биіктерге қол жеткізді. Қазақ халқы талай ғасырдан бері армандап келген тәуелсіздіктің туы Қазақстанда желбіреп тұр бұл халқымыздың үлкен мақтанышы дейді ол.