АҚШ пен Ресей Беларусь жөнінде таласып жатқанда Иранға жарияланбақ санкция жағдайы шешілмей отыр

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде, желтоқсанның 12сіне жоспарланып, Ирандағы ядролық бағдарламаға арналған келіссөздер өтпей қалды. Оған себеп, Ресей 54 күн аштық жариялаған беларустық оппозиционер Казулин жағдайын талқылау қажет, деген АҚШтың өтінішін орындамай қойды. Александр Казулин Беларустағы президенттік сайлау кезінде оппозициядан үміткер ретінде қатысқан.