ПРАГА: Бүгін Чехия үкіметі ресми Минскіні оппозиция лидері А.Козулинді қамаудан босатып, ұзақ аштық жариялаған оны дереу емделуге жіберуге шақырды. Сәрсенбі күні Чехия, Польша, Словакия және Литваның 4 ірі газеті өз елдерінің үкіметтеріне жолдаған хаттарына Козулиннің тағдырына араша түсуді талап етті. Өткен күндердің бірінде 5.5 жылға түрмеге жабылған беларусь оппозициясының лидері түрмедегі 53 күнге созылған аштық шарасын доғарды.