АҚШ әскері Ирақтан шығарылмай, керісінше 15-30 мыңға ұлғаюы мүмкін

БАҒДАД: Бүгін АҚШ сенаторы Джон Маккэйн Ирақтағы сүнниттер мен шийттердің арасындағы қантөгісті ауыздықтау үшін Америка тағы 15-30 мыңдық әскерін жіберуге тиіс деп мәлімдеді. Мұндай пікірін сенатор Маккэйн өзі мен АҚШ Конгресінің тағы 5 депутатының АҚШ және Ирақ өкілдерімен кездесетін Бағдад қаласында білдірді. Кеше Пентагонда қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізген соң АҚШ президенті Дж.Буш жаңа жылға дейін Ирақтағы саясатын өзгерту туралы шешім қабылдамайтынын мәлімдеді.