ЖАҢАЛЫҚТАР Палестина премьер-министрі Газаға ақшасыз оралды 15 желтоқсан 2006 жыл, 01:06 Палестина премьер-министрі Исмаил Ханияһ Мысырдан Газа секторына оралды. Бірақ Ханияһ Таяу Шығыс аймағындағы елдердің Палестина автономиясына берген миллиондаған долларын Мысырда қалдыруға мәжбүр болды. Мұндай шартты Израиль билігі талап етті.